Мазмұнға өту

Қытайдан Қазақстанға жүк көлігімен жеткізу

Қытайдан тауар партиясы негізінен жүк көлігімен келеді: Алматыға дейін 10⁠–⁠18 күн, ал 1 кг құны әуе жеткізілімінен бірнеше есе арзан. Толық көлікпен де, құрама жүкпен де жібереміз.

Қытайдан жүру мерзімі
10⁠–⁠18 күн
Бағасы
сұрау бойынша, тығыздыққа қарай
Жеңіл жүк
200 кг/м³-ден жеңіл болса, м³ үшін
Гонконгтан
12⁠–⁠18 күн, бағасы м³ үшін, сұрау бойынша
Шекара бекеттері
Қорғас (Нұржолы), Бақты

Қытайдан жүк көлігі қалай жүреді

Жүкті жеткізушіден немесе тасымалдаушының консолидациялық қоймасынан алып, көлікке тиейді де, CMR рәсімдейді. Көлік Қорғас немесе Бақты арқылы өтіп, Алматы, Астана, Шымкент не басқа қаладағы қоймаға немесе дүкенге дейін барады.

Жеке көлік пе, құрама жүк пе

Партия шамамен 80 м³ немесе 20 т болса, не жүкті ауыстырып тиеуге болмаса, жеке жүк көлігі алынады. Ол тікелей жүреді, әдетте тезірек жетеді. Одан шағын партия құрама жүкпен кетеді: тек өз килограмыңыз бен текше метріңіз үшін төлейсіз.

Бағасы мен мерзіміне не әсер етеді

Бағасы тығыздыққа, жөнелту қаласына және тауар түріне байланысты. Мерзім шекарадағы кезекке тәуелді: қытайлық Жаңа жыл, қазандағы Алтын апта алдында және жыл соңында бірнеше күнге ұзаруы мүмкін.

  • Үрімжі мен Қорғастан тезірек әрі арзанырақ
  • Гуанчжоу, Иу, Шэньчжэньнен 4⁠–⁠6 күн ұзағырақ
  • электроника мен брендтік тауардың тарифі бөлек

Жиі қойылатын сұрақтар

Қытайдан Алматыға жүк көлігі неше күнде жетеді?

Жөнелту қаласына және шекарадағы кезекке қарай 10⁠–⁠18 күн.

Жүк көлігімен 1 кг жеткізу қанша тұрады?

Тарифке жүктің тығыздығы, жөнелту қаласы және тауар түрі әсер етеді: жүк тығыз болған сайын 1 кг арзандайды, жеңіл жүк текше метрмен есептеледі. Салмағы мен өлшемін жіберсеңіз, менеджер нақты есептеп береді.

Бұл көлік (машина) әкелу ме?

Жоқ, бұл жүкті жүк көлігімен тасымалдау туралы. Көлік әкелумен айналыспаймыз.

Көліктің қайда екенін білуге бола ма?

Әр кезеңнен кейін менеджер жүктің қай жерде екенін хабарлайды: тиелді, шекарадан өтті, келді, түсірілді.